Футболдан ұлттық құрама жасақталды

0
960

Қазақстан құрамасы үшін өте маңызды қос матч күтіп тұр.


Футболдан ұлттық құрама жасақталды

ERNUR.KZ. Бірер аптадан кейін футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу жалғасады, деп жазады baq.kz.

Қазақстан құрамасы үшін өте маңызды қос матч күтіп тұр.

Яғни 7-ші қыркүйекте Финляндия, ал 10-шы қыркүйекте Ирландия командаларымен жолығады.

Осыған байланысты бас бапкер Магомед Адиев ел намысын қорғайтын жігіттердің тізімін бекітті.

Оның ішінде Игорь Шатцкий, Ян Вороговский, Нұрәлі Әліп, Асхат Тағыберген, Абат Айымбетов, Бауыржан Исламхан және Бақтиер Зайнутдинов сияқты тәжірибелі ойыншылар бар. Бұған қоса, құрамаға жастарды да көбірек тартқан. Тізімге бас-аяғы 33 футболшы кірді. Олар 31-ші тамызда Астана аренада өтетін жаттығу жиынына келуі керек. Алдағы матчтар да осы жерде өтеді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы қазір өз тобындағы 5 команда арасында 2-ші орында тұр. Көш басында келесі қарсыласымыз - Финляндия футболшылары.