Футзал: Португалия - әлем чемпионы

0
469

Қазақстан құрамасы биыл төртінші орын алды.


Футзал: Португалия - әлем чемпионы

ERNUR.KZ. Бүгін футзалдан әлем чемпионаты аяқталды, деп жазады ҚазАқпарат.

Аргентина мен Португалия құрамалары тартысты ойын өткізді. Бірінші кезенде португалиялық футзалшылар 15-минутта мергендік танытты.

Екінші кезеңнің 28-минутында Пани екінші голдың авторы атанса, көп ұзамай аргентиналық Анхель Клаудино есеп айырмасын қысқартты.

Кездесу барысында Португалия қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті. Нәтижесінде биылғы әлем чемпионы атағын жеңіп алды.

Айта кетсек, бұған дейін Бразилия 5 (1989, 1992, 1996, 2008, 2012) мәрте чемпион атанды. Ал Испания 2 (2000, 2004) мәрте жеңімпаз тұғырына көтерілсе, Аргентина 1 (2016) мәрте алтыннан алқа тақты.

Дүбірлі додада барлығы 24 құрама бақ сынады. Қазақстандық футзалшылар А тобында сынға түсті. Қарсыластары - Литва, Венесуэла, Коста-Рика.

Топтық кезеңде бірінші орын алған қазақстандық құрама одан кейін 1/8 финалда Таиландтан 7:0 есебімен басым түсіп, ширек финалда Иранды 3:2 есебімен сүріндірді. Ал жартылай финалда Португалиямен овертаймда 2:2 есебімен тең түсіп, пенальти тебуде қарсыласына жол берді.

Ал 3-орын үшін сайыста Бразилияға 2:4 есебімен жол берді. Биыл топтық кезеңде Қазақстан құрамасы биыл төртінші орын алды.

Бұдан бұрын 2000 жылы бірінші кезеңнен аса алмаса, 2016 жылы 1/8 финалға дейін жетті.