Футзалдан Еуро-2022: Испания командасы Әзірбайжанды ұта алмады

0
568

D тобында Әзірбайжан мен Испания құрамалары турнирдегі екінші матчтарын өткізді.


Футзалдан Еуро-2022: Испания командасы Әзірбайжанды ұта алмады

ERNUR.KZ. Футзалдан Әзірбайжан құрамасы Еуропа чемпионатында Испания ойыншыларымен тең түсті, деп жазады Vesti.kz.

D тобында Әзірбайжан мен Испания құрамалары турнирдегі екінші матчтарын өткізді. Кездесу алдында испаниялықтардың фаворит болғаны мәлім. Оның үстіне Жозе Алесио жігіттері Грузиядан 3:2 есебімен ұтылған болатын.

Алайда тартысқа толы матч 2:2 есебімен аяқталды. Осылайша екі турдан кейін Грузия 6, Испания 4, Әзірбайжан 1, Босния және Герцеговина 0 ұпай еншіледі.