Футзалдан "Қайрат" еуропалық клубтық рейтингте көш бастады

0
989

ТОП-100 рейтингке тағы екі қазақстандық клуб - қарағандылық "Тұлпар" мен "Ақтөбе", олар 54-ші және 80-ші орында тұр.


Футзалдан

ERNUR.KZ. Алматылық "Қайрат" еурокубоктар маусымының қорытындысы бойынша клубтық командалар арасындағы еуропалық рейтингте бірінші орынға шықты, деп жазады tengrinews.kz.

Жаңартылған рейтингте "Қайрат" ұзақ уақыт бірінші болған испаниялық "Интерден" асып түсті. Бұл алматылық клубтың футзалдан Чемпиондар лигасының финалына жеткенімен байланысты, ал испаниялықтар турнирдің финалдық кезеңіндегі екі матчте де ұтылды.

Үшінші орында Чемпиондар лигасының жаңа жеңімпазы - португалиялық "Спортинг", алматылық "Қайрат" бұл командадан финалда ұтылды.

ТОП-100 рейтингке тағы екі қазақстандық клуб кіргенін айта кетейік - қарағандылық "Тұлпар" мен "Ақтөбе", олар 54-ші және 80-ші орында.