Футзалдан Қазақстан құрамасы әлемдік «Futsalplanet Awards» номинациясына ұсынылды

0
2 152

Қазақстан құрамасы бұл аталымға осымен үшінші рет ұсынылып отыр.


Футзалдан Қазақстан құрамасы әлемдік «Futsalplanet Awards» номинациясына ұсынылды

ERNUR.KZ. Қазақстан құрамасы халықаралық «Futsalplanet Awards 2020» номинациясына ұсынылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Қазақстан құрамасы бұл аталымға осымен үшінші рет ұсынылып отыр. «Futsalplanet Awards» – шағын футболдан әлемнің үздік құрамасына берілетін сыйлық.

2020 жылы Қазақстан құрамасы халықаралық жарыстарда төрт ойын өткізіп, үшеуінде жеңіске жетіп, біреуінде ұтылды. Әлем чемпионатына жолдама алып, 2022 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңін сәтті бастады.

2015 жылы Қазақстан футзал шеберлері әлемнің үздік үш құрамасы қатарына енді.

Сонымен әлемнің үздік құрамасы атағына үміткер елдер тізімі:

1. Аргентина;

2. Бразилия;

3. Чехия;

4. Қазақстан;

5. Марокко;

6. Португалия;

7. Ресей;

8. Сербия;

9. Испания;

10. Венесуэла.