Футзалдан Қазақстан құрамасы елордада Әзербайжанмен кездеседі

0
849

2024 жылғы қыркүйек-қазан аралығында әлем чемпионаты Өзбекстанда өткізіледі.


Футзалдан Қазақстан құрамасы елордада Әзербайжанмен кездеседі

ERNUR.KZ. Қазақстан құрамасы футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионаты элиталық іріктеу кезеңіндегі төртінші ойынын Әзербайжанға қарсы өткізді, деп жазады inform.kz.

Кездесу елорда уақытымен 20.00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Ел құрамасы А тобында сынға түсіп жатыр. Қарсыластары – Румыния, Әзербайжан және Нидерланд.

Ел құрамасы бұдан бұрын Румынияны 4:3, Нидерландты 2:0 есебімен жеңген еді.

Сондай-ақ, сырт алаңда Әзербайжанды 4:2 есебімен тізе бүктірді.

Нәтижесінде қазақстандықтар өз тобында тоғыз ұпаймен көш басында келеді. Екінші орындағы Румынияның алты, Әзербайжанның үш ұпайы болса, Нидерланд әзірге ұпайсыз тұр.

Ел құрамасы бұдан кейін 14 желтоқсанда өз алаңында Нидерланд құрамасымен кездесе, 20 желтоқсанда Румынияға барады.

Айта кетсек, екінші іріктеу сатысында қазақстандық футзалшылар Черногория (7:0, 5:1) мен Словенияны (2:0, 3:3) артта қалдырып, өз тобында бірінші орын алды.

Айта кетсек, ел құрамасы әлем чемпионатының финалдық сатысында 2000, 2016, 2021 жылдарда сынға түсті. Олар 2021 жылы 4-орынға табан тіреді.

2024 жылғы қыркүйек-қазан аралығында әлем чемпионаты Өзбекстанда өткізіледі.