Футзалдан жолдастық кездесуде Қазақстан құрамасы Әзербайжанды жеңді

0
468

Іріктеу кезеңі 2022 жылдың 8 қазанында басталып, 2023 жылдың 8 наурызында аяқталады.


Футзалдан жолдастық кездесуде Қазақстан құрамасы Әзербайжанды жеңді

ERNUR.KZ. Футзалдан Қазақстан құрамасы бүгін Әзербайжанмен алғашқы жолдастық кездесуін өткізеді, деп жазады ҚазАқпарат.

Кездесу Ақтау қаласындағы «Халық Арена» спорт кешенінде өтті. Бұл футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатына іріктеуге дайындық есебінде ұйымдастырылып отыр.

Матч барысында тәжірибелі спортшы Дінмұхамед Сүлейменов ресми түрде футзалмен қош айтысты. Ол құраманы капитан ретінде алаңға бастап шықты. Содан кейін салтанатты рәсім өткізілді.

Ойын барысында әзербайжандық футзалшылар ширақ бастады. Нәтижесінде қатарынан екі гол соғып кетті. Оған қазақстандық құрамадан Эдсон бір голмен жауап қайырды.

Екінші кезеңде қазақстандық құрамадан Эдсон мен Дуглас тағы екі гол соғып, таразы басын теңестірді. Бұдан кейін Альберт Ақбалықов Қазақстанды алға шығарса, соңғы минуттарда Эдсон бос қақпаны дәл көздеді.

Осылайша Қазақстан құрамасы қарсыласынан 5:3 есебімен басым түсті.

Енді екі құрама 20 қыркүйекте тағы бір мәрте жолдастық кездесу өткізеді.

Ел құрамасы әлем чемпионатының негізгі сатысындағы іріктеу кезеңінде бесінші топта сынға түседі. Қарсыластары - Словения және Черногория.

Іріктеу кезеңі 2022 жылдың 8 қазанында басталып, 2023 жылдың 8 наурызында аяқталады.