Галышева 2018 жылғы Олимпиаданың финалына шықты

0
1 050

Галышева 76.36 ұпай жинап, жетінші болды. Осылайша ол бірінші мүмкіндігінен дода финалына шықты.


Галышева 2018 жылғы Олимпиаданың финалына шықты

фото: Kaz.tengrinews.kz

Қазақстандық фристайлшы Юлия Галышева Пенчандағы 2018 жылғы Олимпиадада могулдан іріктеу жарысында сәтті өнер көрсетті, - деп хабарлайды Kaz.tengrinews.kz. Галышева 76.36 ұпай жинап, жетінші болды. Осылайша ол бірінші мүмкіндігінен дода финалына шықты. Финалға он үздік шыққан. Бұл іріктеуде француз спортшысы Перрин Лаффон 79.72 ұпай жинап, көш бастап тұр. Сондай-ақ, бұл жарыс түрінен Қазақстан атынан тағы бір спортшы Аяулым Әмренова шыққан. Ол 26-шы болып, бірінші мүмкіндігінен финалға кіре алмады. Енді 11 ақпанда оның финалға шығатын тағы бір мүмкіндігі болады. Финалға шыға алмағандарға іріктеу Астана уақытымен 16:30-да басталады, ал финал 18:00-де басталады. 25 жастағы Галышева карьерасында осымен үшінші Олимпиадаға қатысып отыр: 2010 жылы 11-орын, 2014 жылы жетінші орын алған. Ал 16 жастағы Әмренова Олимпиадаға тұңғыш рет қатысып отыр.