Генадий Головкин «2017 жылдың ең үздік боксшыcы» атанды

0
2 071


Генадий Головкин «2017 жылдың ең үздік боксшыcы» атанды

Дүниежүзілік WBA /WBC/ IBF /IBO / марапаты бойынша орташа салмақты әлем чемпионы Геннадий Головкин «2017 жылдың ең үздік боксшыны» марапатын алды, деп жазады ERNUR.KZ Sports.kz –ке сілтеме жасап..

Қазақстандық боксшы «GGG» WorldBoxingNews.net сайтының таңдауымен ең үздік боксшы атанып отыр.

Боксты серік еткен кез келген боксшының қолы жете бермейтін мүсінді Головкин жаттығып жатқан Big Bear базасына жеткізіліп, Генадийге тапсырылды.

«Мен үшін бұл тамаша сый болды!» Әрдайым мені қолдап, сенім білдіргендеріңзге көп рахмет!»- деп жазды Геннадий әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.

Қазақстандық әлем чемпионы GGG бұған дейін 2013, 2014 және 2015 жылдары да «жылдың ең үздік боскшысы» атанған болатын.