Генадий Головкин «Бокс аңызына» айналды

0
1 513

Бокстан WBA (Super), IBF и WBC тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, отандасымыз Генадий Головкин «Жыл боксшысы» номинациясында «Бокс аңызы» сыйлығының иегері атанды.

Кәсіби бокста 37 рет шаршы алаңға шығып тізесі жерге тимеген GGG тек бір ғана кездесуде қарсыласымен тең түскен. Ол - мексикалық Сауль “Канело” Альвареспен болған атышулы жекпе-жек.

Сарапшылардың пікірінше ол кездесуде жеңіс Генаныкі болуы тиіс. Трипл джиге марапат Сочидегі халықаралық бокс форумында берілді. Қазақстандық боксшыға жүлдені WBC төрағасы Маурисио Сулейман табыстады.