Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

0
688

GGG көктемде рингке оралады.


Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

ERNUR.KZ. IBF/IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинмен серіктестіктегі Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн қазақстандықтың келесі жекпе-жегі қашан өтетін мәлімдеді, деп жазады ҚазАқпарат.

GGG көктемде рингке оралып, міндетті қарсыласы польшалық Камил Шереметаға қарсы жекпе-жек өткізеді. Бұл кездесуде Геннадий 5 қазанда Сергей Деревянченкодан жеңіп алған IBF титулын алғаш рет қорғайды. Кездесу Чикагода өтеді деген жорамал бар.

«Головкин Шереметамен наурыздың соңында, нақтырақ айтсақ, 28 наурызда кездесуі мүмкін», - деп мәлімдеді Хирн.