Гимнастшылар Азия ойындарында Қазақстан қоржынына екі медаль салды

0
1 837

Жеке көпсайыста “күміс” пен “қоланы” жеңіп алды.


Гимнастшылар Азия ойындарында Қазақстан қоржынына екі медаль салды

Қазақстандық гимнастшылар ЭльжанаТаниева мен Милана Парфилова елге Қытайдың Ханчжоу қаласында Азия ойындары-2022 екі медалін алып келді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Олар жеке көпсайыста “күміс” пен “қоланы” жеңіп алды.

Таниева екінші орынды иеленді. Жалпы, алғанда ол 130.700 ұпай жинады. Парфилова өз кезегінде үшінші нәтижені көрсетті-130.050 ұпай.

Жеңісті Тахмина Икрамова (Өзбекстан) 131.300 ұпаймен атап өтті.