Головкин 2023 жылы танымал америкалық боксшымен кездесу өткізуі мүмкін

0
285

Бірақ бұл айқасты ұйымдастыру үшін екі боксшы да келесі жекпе-жектерінде жеңіске жетуі керек.


Головкин 2023 жылы танымал америкалық боксшымен кездесу өткізуі мүмкін

ERNUR.KZ. Boxingnews24.com порталының шолуышысы Крейг Пейдж алдағы уақытта америкалық Дэнни Гарсия (37-3, 21 КО) мен қазақстандық Геннадий Головкин (42-2-1, 37 KО) арасындағы айқасты ұйымдастыруға болатынын айтты, деп жазады vesti.kz.

Бірақ бұл айқасты ұйымдастыру үшін екі боксшы да келесі жекпе-жектерінде жеңіске жетуі керек. Гарсия қазіргі уақытта Эрисланди Ларамен, ал Головкин бразилиялық Эскива Фалькаомен кездесуі мүмкін.

"Егер Дэнни Гарсия Лараны жеңіп, орта салмақта WBA белбеуін иеленіт болса, онда ол келесі жылы Головкинмен кездесуі әбден мүмкін.

Головкин мен Гарсия кездесуі, көпшіліктің назарын өзіне аудара алады. Бірақ, ол үшін Гарсия Лараны, Головкин Фалькаоны жеңу керек", - дейді Пейдж.