Головкин әлем чемпионатында жұдырықтасқан қазақ боксшыларға қатысты пікір білдірді

0
570

Сонымен бірге, ол командаға Азия ойындарында сәттілік тіледі.


Головкин әлем чемпионатында жұдырықтасқан қазақ боксшыларға қатысты пікір білдірді

ERNUR.KZ. Орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) әлем чемпионатында сәтті өнер көрсеткен бокстан Қазақстан құрамасын құттықтады, деп жазады Vesti.kz.

Сонымен бірге, ол командаға Азия ойындарында сәттілік тіледі.

"Сербиядағы әлем чемпионатында сәтті өнер көрсеткен біздің қазақстандық боксшылар үшін қуаныштымын. Жігіттерді, бапкерлерді және Кеңес Хамитович бастаған федерацияны лайықты нәтижемен құттықтаймын. Ары қарайғы Азия ойындарына дайындықта сәттілік", - деп жазыпты Головкин твиттерде.