Головкин әлем чемпионының белбеуін тартып алуға уәде етті

0
595

Бар назарым оның титулын тартып алуға бағытталған - Головкин.


 Головкин әлем чемпионының белбеуін тартып алуға уәде етті

ERNUR.KZ. Орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) WBA титулына ие Риота Муратамен (16-2, 13 KO) өтетін айқасы жыл жекпе-жегіне айналарына сенімді, деп жазады vesti.kz.

"Муратамен айқас - ең маңызды. Алға жүгіріп кетпеймін. Алдағы жекпе-жегіме толық дайын келемін. Мурата мен оның еңбегін құрметтеймін. Бар назарым оның титулын тартып алуға бағытталған. Жапонияға сол үшін келдім. Лық толы аренадағы айқасты тағатсыздана күтемін. Біздің стилдер әртүрлі болғандықтан бұл тамаша жекпе-жек болады. Екеуміз де қуатты, алға ғана жүретін агрессив панчерміз. Бұл жанкүйерлер үшін бокс сыйы болады. Бұл жыл айқас болады деп отырмын", - дейді Головкин.