Головкин бокстан шеттетілді

0
1 118

Нью-Йорк штатының (АҚШ) Атлетикалық комиссиясы осындай шешім қабылдаған.


Головкин бокстан шеттетілді

ERNUR.KZ. IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) украиналық боксшы Сергей Деревянченконы (13-2, 10 КО) жеңгеннен кейін жекпе-жектерден шеттетілді, деп жазады zakon.kz.

Нью-Йорк штатының (АҚШ) Атлетикалық комиссиясы осындай шешім қабылдады. Жекпе-жектерден шеттету – боксшылар шаршы алаңда жұдырық түйістіргеннен кейінгі әдеттегі рәсім. Головкин жекпе-жектерден белгісіз мерзімге дейін шеттетілді.

Деревянченкоға қатысты да осындай шара қабылданды.

Олардың Нью-Йорктегі Мэдисон Сквер-Гарденде өткен 6 қазандағы жекпе-жегі әлемдегі ең басты жаңалықтардың бірі болды. Бірінші раундта нокдаунға түскен украиналық кездесу соңына дейін жұдырықтасты.12 раундтың қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті бірауыздан Головкинге берді.

Жекпе-жектен кейін екі боксшы да ауруханаға жеткізілді, сол себепті олар матчтан кейінгі баспасөз мәслихатына қатыспады. Кейінірек Головкин мен Деревянченконың ауыр жарақаттар алмағаны белгілі болды.