Головкин ең қауіпті панчерлер тізіміне енді

0
407

Тізімде Головкин 17 қыркүйекте жұдырықтасатын Сауль "Канело" Альварес те бар.


Головкин ең қауіпті панчерлер тізіміне енді

ERNUR.KZ. Спорт туралы жазатын британиялық talkSPORT порталы әр дивизиондағы ең мықты панчерлер тізімін құрды. Бұл тізімге қазақстандық Геннадий Головкин де кіріпті, деп жазады Vesti.kz.

"GGG бір кездері қатарынан 23 нокаут сериясын мақтан тұтатын және нокаут коэффиценті 84 пайыз. Жылдар бойы ол қарсыластарын әдемі жеңіп келді, ал кейінгі жеңісі сәуірде Риоота Муратамен айқаста болды", - деп жазады басылым.

Тізімде Головкин 17 қыркүйекте жұдырықтасатын Сауль "Канело" Альварес те бар.

Сонымен қоса, ең мықты панчерлер қатарында мына боксшылар да кірді: Деонтей Уайлдер, Артур Бетербиев, Джермелл Чарло, Теренс Кроуфорд, Джервонта Вэвис, Маурисио Лара, Брэндон Фигероа, Наоя Иноуэ, Срисакет Сор Рунгвисаи, Дзюнто Накатани и Масатака Танигути.