Головкин мен Әлімханұлы әлемнің ТОП-50 боксшысының қатарына енді

0
428

Рейтинг көшбасшысы украиналық боксшы Александр Усик болды.


Головкин мен Әлімханұлы әлемнің ТОП-50 боксшысының қатарына енді

ERNUR.KZ. Worldboxingnews.net сайты салмақ дәрежесіне қарамастан (pound-for-pound), әлемнің ең үздік 50 боксшысының тізімін жариялады, деп жазады stan.kz.

Рейтинг көшбасшысы украиналық боксшы Александр Усик болды.

Екінші орында жапондық Наоя Иноуэ.

Үшіншісі сатыда – мексикалық Сауль Альварес.

Сондай-ақ үздік ондыққа Эррол Спенс, Дмитрий Бивол, Теренс Кроуфорд, Девин Хэни, Джермелл Чарло, Хуан Франсиско Эстрада және Шакур Стивенсон кірді.

Қазақстандық боксшыларға келсек, World Boxing News рейтингінде Геннадий Головкин 27-ші, Жәнібек Әлімханұлы 48-ші орынға табан тіреді.

Головкин орта салмақта WBA Super, IBF және IBO чемпионы болса, Әлімханұлы осы дивизионда WBO белдігінің иегері.