Головкин мен Канелоның көз атысқан суреті жарыққа шықты

0
1 766

Бір-бірімен көз атысып тұрған қылқаламмен салынған суреті жарияланған.


Головкин мен Канелоның көз атысқан суреті жарыққа шықты

ERNUR.KZ. Танымал The Ring журналы кезекті шығарылымын алдағы Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің рематчына арнап, мұқабасына қос боксшының суретін жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ ақпараттық порталы Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Журнал мұқабасында Головкин мен «Канелоның» бір-бірімен көз атысып тұрған қылқаламмен салынған суреті жарияланған. Ал екеуінің ортасына «War!» («соғыс» - ағылшын тілінде) деп жазылған. Айта кету керек, боксшылар арасындағы екінші жекпе-жек шынымен де достық кездесуге ұқсамайды - GGG де, Альварес те және олардың жаттықтырушылары да, промоутерлері де үнемі сырттай ұрыс-керіс шығарып жүреді. «Канело» мен Головкиннің рематчы 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді.