Головкин-Мурата жекпе-жегі әлемнің 200-ден аса елінде көрсетіледі

0
808

​Даңқты қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 9 сәуір күні жапониялық Риота Муратамен кездеседі.


Головкин-Мурата жекпе-жегі әлемнің 200-ден аса елінде көрсетіледі

ERNUR.KZ. Олар IBF, WBA Super және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы белбеуін сарапқа салады, деп жазады Stan.kz.

Жекпе-жек Жапонияның Сайтам қаласында өтеді. Аталған жекпе-жектің Қазақстандағы көрсетілімі ресми хабарланған жоқ, бірақ "Qazaqstan" арнасының 9 сәуірге арналған телебағдарламасында Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 20:00 мен 23:00 аралығында бокс көрсетіледі деп жазылған. Головкиннің шығатын уақыты да сонымен тұспа-тұс келеді.

Аталған жекпе-жекті DAZN платформасы арқылы әлемнің 200-ден аса ел тұрғындары тамашалай алады (Жапония, Оңтүстік Корея мен Қазақстаннан басқа).