Головкин-Мурата жекпе-жегінің нақты уақыты аталды

0
7 683

Бокс кешін Qazsport және Qazaqstan телеарналары трансляциялайды.


Головкин-Мурата жекпе-жегінің нақты уақыты аталды

ERNUR.KZ. 9 сәуірде Жапонияның Сайтама қаласында орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) және WBA "суперчемпионы" Риота Мурата (16-2, 13 KO) үш белбеуді сарапқа салады, деп жазады Vesti.kz

Қазақстандық жанкүйерлер бокс кешін тікелей көрсетілімнен тамашалай алады. Басталуы Қазақстан астанасының уақытымен 15:00, ал GGG - Мурата жекпе-жегінің өзі шамамен 18:10-да.

Бокс кешін Qazsport және Qazaqstan телеарналары трансляциялайды.

GGG жеңіске жетсе, қыркүйекте Сауль "Канело" Альвареспен (57-1-2, 39 КО) үшінші рет жұдырықтасады деп жоспарланып отыр.