Головкин Муратаны нокаутпен жеңді

0
3 969

Геннадий Головкин кәсіпқой карьерасында 42-жеңісіне қол жеткізді.


Головкин Муратаны нокаутпен жеңді

ERNUR.KZ. Қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) жапониялық боксшы Риота Муратаны (16-2, 13 КО) жеңді, деп жазады Tengrinews.kz.

Кездесу Жапонияның Сайтама қаласында өтті. Спортшылар Геннадий Головкиннің орта салмақтағы IBF және IBO, Риота Муратаның WBA Super белбеуін сарапқа салды. Головкин Муратаны 10-раундта нокаутпен жеңді.

Осылайша, кеше 40 жасқа толған Геннадий Головкин кәсіпқой карьерасында 42-жеңісіне қол жеткізді.

Айта кетейік, Головкин кейінгі жекпе-жегін 2020 жылдың желтоқсанында АҚШ-та поляк Камил Шереметаға қарсы өткізіп, оны нокаутқа түсірген еді. Сол кезде 21-рет әлем чемпионы атанып, рекорд орнатқаннан кейін рингке шықпаған. Ал Мурата болса рингке 2019 жылдың желтоқсанынан бері шығып отыр, сол кезде канадалық Стивен Батлерге қарсы кездесуде титулын сәтті қорғап шыққан.