Головкин "суперчемпионмен" жекпе-жек алдындағы жаттығуын көрсетті

0
773

GGG жаттығып жатқан видеосын жүктеп, "Тағы осындай бірнеше күн өтсе, біз жолға дайынбыз" деп жазды.


Головкин

ERNUR.KZ. IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин Instagram-дағы парақшасында жазба жариялады, - деп жазады Tengrinews.kz.

GGG жаттығып жатқан видеосын жүктеп, "Тағы осындай бірнеше күн өтсе, біз жолға дайынбыз" деп жазды.


Еске салайық, Головкин 9 сәуірде Жапонияда орта салмақтағы WBA Super белбеуінің иегері Риота Муратамен (16-2, 13 КО) жекпе-жек өткізеді. Боксшылар қазақстандықтың екі титулы мен жапониялықтың бір белбеуіне айқасады.