Головкинге теңейтін қазақ нокаутшының келесі жекпе-жегі белгіленді

0
687

Қазақстандық боксшының қарсыласы әзірге белгісіз.


Головкинге теңейтін қазақ нокаутшының келесі жекпе-жегі белгіленді

ERNUR.KZ. Екінші жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін Сұлтан Зауырбек (16-0, 12 КО) рингке бір айдан кейін оралады, деп жазады vesti.kz.

Дерекөз мәліметі бойынша, Сұлтан 1 наурыз Ұлыбританияның Телфорд қаласындағы Telford International Centre стадионында өтетін бокс кешіне қатысады. Алайда қазақстандық боксшының қарсыласы әзірге белгісіз.

Кейінгі айқасында Сұлтан аргентиналық Серхио Мартин Сосаны (13-4, 3 КО) техникалық нокаутпен жеңіп, WBO Global титулын иеленген.