Головкинге Жәнібек Әлімханұлының қарсыласын тартып алу ұсынылды

0
747

Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы чемпионға қарсылас ретінде өзге қазақстандықты - Геннадий Головкинді көргісі келеді.


Головкинге Жәнібек Әлімханұлының қарсыласын тартып алу ұсынылды

ERNUR.KZ. Эдди Хирн орта салмақта WBO чемпионы америкалық Деметриус Андрадені қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жектен арашалап қалудың амалын іздеуде, деп жазады vesti.kz.

Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы чемпионға қарсылас ретінде өзге қазақстандықты - Геннадий Головкинді көргісі келеді. Тым болмаса Джермалл Чарло немесе мексикалық Хайме Мунгияны.

"Биыл сыйлыққа лайықты кім десеңіздер, ол Деметриус Андраде. Куиглиді анық жеңгеннен кейін ол үлкен жекпе-жекке лайықты. Рождестовода бізге кім көмек береді? Эльфтерімнің бәрін іске қоссамда бұл менің қолымнан келмей жатыр. PBC, GGG Promotions, Golden Boy қайдасыңдар? Андрадеге сыйлық жасайық. Геннадий Головкин, Джермалл Чарло, Хайме Мунгия, осы босшылардың кез келгенімен келісімшартты шырша астында қалдырсақ, Деметриус бақытты болады", - деп береді Хирннің сөзін fightnews.info.