Головкиннің "Канеломен" жекпе-жегіне билет сатыла бастады

0
375

Трилогияның ең арзан билеті 305 доллар тұрады, бұл шамамен 137 000 теңге.


Головкиннің

ERNUR.KZ. Танымал қазақстандық спортшы Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварестің үшінші жекпе-жегі АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренасында өтеді, деп жазады Sputnik.kz.

Бұл туралы жекпе-жекті ұйымдастырып жатқан британдық Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы ресми түрде хабарлады. Жекпе-жек 17 қыркүйекте өтеді.
Трилогияның ең арзан билеті 305 доллар тұрады, бұл шамамен 137 000 теңге.
Бірінші жекпе-жекте 27 миллион долларға (бокс тарихындағы үшінші), ал екіншісінде 23 миллион долларға билет сатылды.
Боксшылардың бұған дейінгі екі жекпе-жегі де T-Mobile Arena-да өтті, төрешілердің шешімімен 2017 жылғы алғашқы жекпе-жек тең аяқталса, бір жылдан кейін Альварес жеңіске жетті.