Грекияға қарсы ойнайтын Қазақстан құрамасының нақты құрамы жасақталды

0
259

Футбол Қазақстан құрамасы 8 наурыздан бастап Дубайда бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізіп, наурыз айындағы матчтарға дайындалады.


Грекияға қарсы ойнайтын Қазақстан құрамасының нақты құрамы жасақталды

ERNUR.KZ. Ұлттар лигасында Грекияға қарсы ойында Қазақстан құрамасына шақырту алған футболшылардың нақты тізімі жарияланды, деп жазады stan.kz.

Футбол Қазақстан құрамасы 8 наурыздан бастап Дубайда бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізіп, наурыз айындағы матчтарға дайындалады. Бас бапкер Магомед Адиев 21 наурызда Ұлттар лигасының плей-офф кезеңі аясында Грекияға қарсы өтетін матчқа шақырылған ойыншылардың нақты тізімін жариялады.

Қақпашылар: Игорь Шацкий (Ақтөбе), Бекхан Шайзада (Ордабасы), Данил Устименко (Қайрат).

Қорғаушылар: Александр Марочкин, Ян Вороговский, Марат Быстров (барлығы Астана), Еркін Тапалов, Роман Асранкулов, Руслан Валиуллин (Тобыл), Сергей Малый, Темірлан Ерланов (Ордабасы), Бағдат Қайыров, Әділхан Таңжарықов (Ақтөбе), Нуралы Әліп (Зенит).

Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов, Максим Самородов (Ақтөбе), Абзал Байсебеков, Исламбек Қуат, Эльхан Астанов (Астана), Асхат Тағыберген, (Ордабасы), Әділет Садыбеков (Қайрат), Ислам Чесноков (Тобыл), Бақтиер Зайнутдинов (Бешікташ), Александр Зуев (Арсенал, Ресей).

Шабуылшылар: Рамазан Кәрімов (Астана), Абат Айымбетов (Адана Демирспор, Түркия).

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы наурыз айында 2024 жылғы Еуропа чемпионатына жолдама үшін таласады.