IBF белбеуден бас тартқан Головкинге қатысты шешім шығарды

0
381

Ал орта дивизиондағы IBF белбеу әзірге бос тұр.


IBF белбеуден бас тартқан Головкинге қатысты шешім шығарды

ERNUR.KZ. Халықаралық бокс федерациясы (IBF) жаңартылған рейтингін жариялады, деп жазады vesti.kz.

Орта салмақта міндетті қарсылас бразилиялық Эскива Фалькаомен (30-0, 20 КО) жұдырықтасудан бас тартып, белбеуді босатқан Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) рейтингтен шығарылды.

Енді рейтингте бірінші Фалькао, екінші аустралиялық Майкл Зерафа (31-4, 19 КО), ал үшінші германиялық Винченцо Гуальтьери (20-0-1, 7 КО) тұр.

Ал орта дивизиондағы IBF белбеу әзірге бос тұр.