IBF қазақ нокаутшыны алғашқы жеңілістен кейін рейтингтен шығарып тастады

0
572

Мамырда Жүкембаев АҚШ-тағы алғашқы айқасын пуэрториколық Сабриэль Матиасқа (17-1-0, 17 KO) қарсы өткізді.


IBF қазақ нокаутшыны алғашқы жеңілістен кейін рейтингтен шығарып тастады

ERNUR.KZ. Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаевты (18-1, 14 KO), карьерасындағы бірінші жеңілістен кейін рейтингінен шығарып тастады, деп жазады Vesti.kz.

Мамырда Жүкембаев АҚШ-тағы алғашқы айқасын пуэрториколық Сабриэль Матиасқа (17-1-0, 17 KO) қарсы өткізді. Төртінші раундта Матиас қазақстандықты нокдаунға түсірді, ал сегізінші раундтан кейін Батырдың командасы жекпе-жекті тоқтату туралы шешім шығарды.

Осылайша, Жүкембаев карьерасында бірінші рет есе жіберіп, IBF рейтингінен шығып қалды. Оған дейін қазақ боксшы жартылай орта салмақта 13-орында болған.