Иранда грек-рим күресінің тағы бір балуаны өлім жазасына кесілді

0
2 433

Спортшы соңғы бес жылын түрмеде өткізген.


Иранда грек-рим күресінің тағы бір балуаны өлім жазасына кесілді

ERNUR.KZ. Иранда грек-рим күресшісі Мехди Али Хоссейни 2015 жылы көшедегі төбелес кезінде кісі өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, өлім жазасына кесілді, деп жазады Stan.kz.

Спортшы соңғы бес жылын түрмеде өткізді. Грек-рим күресінен Олимпиада чемпионы Хамид Сориан, әлем чемпионы Мұхаммед Талай және ұлттық құраманың жаттықтырушысы Али Ашкани оны қорғап жатыр.

Хоссейнидің өзі кісі өлтіру бойынша кінәсін мойындады, бірақ жәбірленушінің отбасы кешірім беруге келіспегендіктен спортшыға үкім өзгертілген жоқ.

Иранның Ұлттық қарсыласу кеңесінің баспасөз қызметі хабарлағандай, үкім 25 қаңтарда Дезфуль түрмесінде өтелген. Балуан 30 жаста еді.

«Бұл қылмыстық іс. Мехди Али Хоссейни аймақтық палуан болды, ол ұлттық та, халықаралық та жарыстарға қатыспады. UWW бұл жағдайдың нақты суреті жарияланбайынша түсініктеме бермейді», - делінген Біріккен күрес әлемінің сайтында.

Хоссейни Иранда соңғы алты айда өлім жазасына кесілген екінші спортшы болды. 2020 жылдың қыркүйегінде грек-рим күресінен ирандық чемпион Навид Афкари өлім жазасына кесілді. Ол Иранның экономикалық саясатына қарсы шерулерге қатысқаны үшін өлім жазасына кесілді.

ХОК президенті Томас Бах, АҚШ президенті Дональд Трамп, UFC басшысы Дана Уайт спортшыға рақымшылық жасауды сұрады. Алайда Иран билігі бұл өтініштерді елемей, үкім шығарды.