Иранда Роналдудың қолы тиген заттардың бәрі сатылымға қойылды

0
403

Португалиялық футболшы елге келе салысымен оған парсы кілемі мен интернетті шексіз пайдалануға болатын сим-карта сыйға тартылды.


Иранда Роналдудың қолы тиген заттардың бәрі сатылымға қойылды

ERNUR.KZ. Иранның онлайн-платформаларында "Әл-Наср" ойыншысы Криштиану Роналдудың қолы тиген затар сатылымға шығыпты, деп жазады vesti.kz.

Дүйсенбіде Роналду "Әл-Наср" сапында Тегеранға келді, команда азиялық Чемпиондар лигасы аясында жергілікті "Персеполис" клубымен кездесу өткізеді. Португалиялық футболшы елге келе салысымен оған парсы кілемі мен интернетті шексіз пайдалануға болатын сим-карта сыйға тартылды.

Tarafdari мәліметінше, португалиялықтың қолы тиген деп сатылымға шыққан заттар арасында, қарбыз, майлық, тіпті кілемнің жібі де бар екен.