Ирандық спортшы қыз бір қолмен жүзуден әлемдік рекордты жаңартты

0
840

Ол 10 шақырым қашықтықты бір қолмен 5 сағат 2 минуттың ішінде жүзіп өтті.


Ирандық спортшы қыз бір қолмен жүзуден әлемдік рекордты жаңартты

ERNUR.KZ. Ирандық спортшы қыз Эльхам Асгари Оман теңізінде бір қолмен жүзуден әлемдік рекордты жаңартты, деп ҚазАқпарат.

Ол екі шығанақ - Чабахар мен Кенарак арасында 10 шақырым қашықтықты бір қолмен 5 сағат 2 минуттың ішінде жүзіп өтіп, Гиннестегі әлемдік рекордты жаңартты.

Эльхам Асгар сондай-ақ бұдан бұрын хиджап киіп жүзуден де 5 шақырым 580 метрді бағындырып, рекорд жасаған еді.