Италия 100 жылдан кейін Ауыр атлетика тарихына қайта кірді

0
514

Пиццолато әлемдік рекорд орнатқан италиялық екінші атлет.


Италия 100 жылдан кейін Ауыр атлетика тарихына қайта кірді

ERNUR.KZ. Италиялық Антонио Пиццолато Албанияда өтіп жатқан ауыр атлетикадан Еуропа чемпионатында рекорд орнатты, деп жазады vesti.kz.

89 келіде өнер көрсететін Пиццолато жұлқа көтеруде (217 келі) және жалпы есепте (392 келі) рекордтар орнатып, Еуропа чемпионы атағын қорғап қалды. Ал серпе көтеруде ол 175 келіні бағындырды. Екінші орында болгариялық Карлос Насар (382 келі), ал үшінші - грузиялық Реваз Давитадзе (369 келі).

Пиццолато әлемдік рекорд орнатқан италиялық екінші атлет. Ол Филиппо Боттиноның 1922 жылғы жетістігінен кейін 100 жыл өте әлем рекордын орнатып отыр.