Италия чемпионаты 13 маусымда жанданады

0
526

Матчтар наурыз айында коронавирус пандемиясына байланысты өтпей қалған еді.


Италия чемпионаты 13 маусымда жанданады

ERNUR.KZ. А сериясының басшылығы чемпионатты 13 маусымда қайта жандандыру туралы мәлімдеме жасады, деп жазады Prosports.kz.

Кеше Италия чемпионатының 20 клубы бейнеконференция режимінде маусымды аяқтау мүмкіндігін талқылады. Командалар бірауыздан 13 маусымнан бастап ойнауға шешім қабылдады.

Алғашқы матчтар мына командалар арасында өтпек: «Аталанта» - «Сассуоло», «Интер» - «Сампдория», «Торино» - «Парма» және «Верона» - «Кальяри». Бұл матчтар наурыз айында коронавирус пандемиясына байланысты өтпей қалған еді.

Бірақ маусымның толық жандануы 20 маусымда жүзеге асады.