Италияда қазақстандық балуандар үздіктер көшін бастады

0
1 204

Еркін күрестен Қазақстан құрамасы командалық есепте 162 ұпаймен бірінші орын алды.


Италияда қазақстандық балуандар үздіктер көшін бастады

ERNUR.KZ. Италияның Сассари қаласында еркін және әйелдер күресінен Sassari City MAtteoPellicone Memorial халықаралық турнирі аяқталды, деп жазады prosports.kz.

Қазақстандық еркін күрес шеберлері жалпы есебі 7 медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды. Жуырда ғана Қытайдың Сиянь қаласында өткен Азия чемпионатында топ жарған Нұрғожа Қайпанов Сассариде де алдына жан салған жоқ. Өзі бақ сынайтын 70 кило салмақта жарыс жеңімпазы атанды. Жалпы финалға қазақстандық бес балуан шыққан.

Өкінішке қарай, Расул Қалиев (61 кило), Данияр Қайсанов (74 кило), Ғалымжан Өсербаев (79 кило) пен Азамат Дәулетбеков (86 кило) финалда сүрініп, күміс медаль еншіледі. 65 кило салмақта белдескен Саятбек Оқасов пен аса ауыр салмақтағы (125 кило) Олег Болтин қола жүлдегерлер қатарынан көрінді. Еркін күрестен Қазақстан құрамасы командалық есепте 162 ұпаймен бірінші орын алды. Одан кейінгі орындарға Ресей мен Иран елінің балуандары орналасты.