Италиядағы әлем чемпионатында қазақстандық шахматшылар екі медаль жеңіп алды

0
666

Қазақстан қоржынына Әсел Серікбай күміс, Меруерт Камалиденова қола жүлде салды.


Италиядағы әлем чемпионатында қазақстандық шахматшылар екі медаль жеңіп алды

ERNUR.KZ. 12-23 қазанда Италияның Сардиния қаласында өткен шахматтан 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы екі медаль жеңіп алды, деп хабарлады Қазақстан шахмат федерациясы, деп жазады Sputnik.kz.

Қазақстан қоржынына Әсел Серікбай күміс, Меруерт Камалиденова қола жүлде салды. Чемпионаттың алтын медалін Әзербайжан өкілдері Говхар Бейдуллаева мен Абдулла Гадимбейли жеңіп алды.
Лия Құрманғалиева үздік ондыққа енді – 6-орын.
Айта кетері, соңғы турда Лия чемпион Говхар Бейдуллаевамен ойнап, жеңіске жетті.
Жалпы 11 ұпайдың 8-ін жинаған бірнеше спортшының арасында 3-тен 6-ға дейінгі орындарға талас жүріп, қосымша көрсеткіштер бойынша (Бухгольц коэффициенті) Лияға 6-орын бұйырды.