Италиядағы халықаралық жарыс еліміз үшін сәтті аяқталды

0
2 561

Спортшыларымыз күрес түрлері бойынша ​3 алтын, 3 күміс және 4 қола иемденді.


Италиядағы халықаралық жарыс еліміз үшін сәтті аяқталды

ERNUR.KZ. Күрес түрлері бойынша Италиядағы халықаралық жарыс жерлестеріміз үшін сәтті аяқталды, деп жазады 24.kz.

Жарыстың соңғы күні еркін күрес шеберлері өзара мықтыны анықтаған. Ұлттық құрама жалпы есепте екінші орын алды. Әсіресе 57 келідегі Нұрислам Санаев, 61 келідегі Адлан Асқаров және 79 келіде сынға түскен Ғалымжан Өсербаевтар қарсылас шақ келірмеді. Дәулет Ниязымбетов, Эльдар Асадов, Жүсіп Батырмырзаевтар финалда есе жіберді. Ал қола жүлде Данияр Қайсанов, Нұрқожа Қайпанов, Есқали Дәулетқазы және Әлішер Ерғалиге бұйырды.

Айта кетейік осының алдында классиктеріміз бен қыздарымыз да жақсы өнер көрсетіп, жалпы есепте үздік үштіктен табылған еді. "Маттео Пелликоне" атындағы турнир рейтингілік бәсеке. Яғни, бұнда олимпиада жолдамасына қажетті ұпайлар беріледі.