"Қайрат" 30 жастағы Эсеоланы жастар командасына жіберді

0
692

Ол енді бірінші лигада ойнайды.


ERNUR.KZ. "Қайрат" шабуылшысы Адеринсола Эсеола бірінші лигада ойнайтын "Қайрат-Жастар" командасына ауыстырылды, деп жазады vesti.kz.

Мәлімет бойынша, мұндай шешімді бапкерлер штабы мен алматылық клуб басшылғы бірге қабылдаған.

"Кейінгі жылы украиналық шабулышы көрсетіп жүрген ойын дәрежесін ескерсек, таңқалатын да ештеңе жоқ сияқты. Егер бір қызық жағдайды айтпағанда: 28 маусымда Эсеола отызға келеді. Ал оны жастарға...", - деп жазады паблик.

Еске салайық, 11 тур қортыныдысы бойынша "Қайрат" төртінші орында келеді. Сыбыстар бойынша алматылық команда Алексей Шпилевскийді ауыстыру жолдарын қарастырып жатыр.