"Қайрат" халықаралық турнирде Чемпиондар лигасының екі дүркін жеңімпазын ұтты

0
1 186

Қазақстандық команда келесі ойынын 24 тамыздан 25 тамызға қараған түні "Бенфикаға" қарсы өткізеді. Ал 26 тамызда "Брага" командасымен ойнайды.


ERNUR.KZ. Алматының "Қайрат" футзал клубы Португалияда өтіп жатқан "International Masters Cup" турнирінде Лиссабонның "Спортинг" клубын айқын ұтты. Ойында отандастарымыз 6:3 есебімен жеңіске жетті, деп жазады vesti.kz.

"Қайрат" командасы сапында Эдсон дубль жасаса, Кайо Руиз, Дәурен Тұрсағұлов, Денер және Алиссон бір-бір голдан соқты.

"Спортинг" футзалдан Чемпиондар лигасының екі дүркін жеңімпазы. Еуропадағы топ клубтар қатарындағы ұжым.

Қазақстандық команда келесі ойынын 24 тамыздан 25 тамызға қараған түні "Бенфикаға" қарсы өткізеді. Ал 26 тамызда "Брага" командасымен ойнайды.

Айта кетейік, бұған дейін "Қайрат" Испаниядағы Mucho Mas халықаралық турниріне қатысып, үшінші орын алған болатын.