«Қайрат» «ВитЭннен» басым түсті

0
2 347

«Қайрат» пен «Ақтөбенің» қарсыластары жеребе нәтижесі бойынша анықталады. Турнирдің осы кезеңіндегі матчтар 16-21 ақпан аралығында бір кездесу форматында өтеді.


«Қайрат» «ВитЭннен» басым түсті

ERNUR.KZ. «Қайрат» пен «Ақтөбе» командалары 1/8 финалға жолдама алды. Алматылық «Қайрат» футзалдан 2020/21 Чемпиондар лигасының 1/8 финалына шықты. 1/16 финалдық кездесуде «Қайрат» Беларуссияның «ВитЭн» командасын сырт алаңда 5:3 есебімен жеңді, деп жазады inbusiness.kz.

Каканың шәкірттері бірінші таймда жауапсыз үш гол соғып, жеңіске деген нық қадам жасады. Алматылықтар кездесу басталысымен 11 секундтан кейін есеп ашты.

Гол авторы Савио. Матчтың 16-минутында Умберто команданың басымдылығын арттырса, 18-минутта Диего есепті 3:0-ге жеткізді. Екінші таймның басында «ВитЭн» белсенді өнер көрсете бастады. Нәтижесінде олар екі гол соғып, есеп айырмасын қысқартты. Алайда кезекті шабуылда Біржан Оразов есепті еселеп, 4:2-ге жеткізді. 36-минутта беларуссиялықтар қарымта қайтарды. Бірақ екі минуттан кейін Дуглас Коста «Қайраттың» басымдылығын одан әрі нығайтып, кездесуге нүкте қойды.

Қорытынды есеп 5:3. Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін 2013/14 маусымда беларусьтар Алматыға Чемпиондар лигасының элиталық кезеңіне қатысу үшін келген болатын.

Ол уақытта «Қайрат» «ВитЭн» командасын 9: 0 есебімен жеңді. Сонымен қатар бүгін футзалдан «Ақтөбе» командасы да 2020/21 Чемпиондар Лигасындағы алғашқы кездесуін жеңіспен бастады. 1/16 финалдық кездесуде ақтөбеліктер грекиялық АЕК-ті 5:2 есебімен жеңді.

«Қайрат» пен «Ақтөбенің» қарсыластары жеребе нәтижесі бойынша анықталады. Турнирдің осы кезеңіндегі матчтар 16-21 ақпан аралығында бір кездесу форматында өтеді.