Қамшыбек Қоңқабаев Токио олимпиадасының жартылай финалына өтті

0
593

Жартылай финалда Қамшыбек Қоңқабаев америкалық Ричард Торреспен кездеседі.


Қамшыбек Қоңқабаев Токио олимпиадасының жартылай финалына өтті

ERNUR.KZ. Токио Олимпиадасында боксан аса ауыр салмақтағы ширек финалдық жекпе-жектер жалғасуда, деп жазды olympic.kz.

Аса ауыр салмақта сынға түскен Қамшыбек Қоңқабаев ресейлік Иван Верясовпен кездесіп, жеңіске жетті.

Ол қарсыласын 4:1 есебімен ұтып, жартылай финалға жолдама алды. Бірінші және екінші раундта төрешілер жеңісті Қамшыбекке берсе, үшінші раундта Иван Верясовтың белсенділігі есепке алынды.

Жартылай финалда Қамшыбек Қоңқабаев америкалық Ричард Торреспен кездеседі.