Канада хоккейден әлем чемпионы атанды

0
536

Канада тарихта 27-рет әлем чемпионатында алтын медаль алып отыр.


Канада хоккейден әлем чемпионы атанды

ERNUR.KZ. Канада құрамасының хоккейшілері Ригадағы әлем чемпионатында топ жарды, деп жазады Prosports.kz.

Канада финалда Финляндия құрамасымен кездескен. Матч овертаймда канадалықтардың пайдасына 3:2 есебімен аяқталды.

Негізгі уақытта финндер сапында Микаэль Руохомаа мен Питер Линдбом көзге түсті, ал канадалықтардан Макс Комтуа мен Адам Хенрик шайба салды.

Қосымша уақытта командалар 3×3 форматында ойнады. Бұл тұста Канаданың айы оңынан туды. Шешуші шайбаны Ник Пол соқты.

Канада тарихта 27-рет әлем чемпионатында алтын медаль алып отыр.