Қанат Ислам қарсыласын нокаутқа түсірді (видео)

0
2 676

​Кездесуге санаулы күн қалғанда 35 жастағы Исламға қарсы эквадорлық Джейсон Минда шығатыны белгілі болды.


Қанат Ислам қарсыласын нокаутқа түсірді (видео)

ERNUR.KZ. Майамидедегі (АҚШ, Флорида) кәсіпқой бокс кешінде қазақстандық боксшы Қанат Ислам (27-0, 21 КО) мен эквадорлық Джейсон Минданың (14-3-1, 8 КО) жекпе-жегі өтті, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Қазақстандық спортшы қарсыласын екі рет нокдаунға түсіріп, кезекті соққысымен "Жазалаушыны" нокаутқа жіберді.




Негізінен 35 жастағы Исламның қарсыласы 33 жастағы ганалық Ободай Саи болуы тиіс еді. Алайда, отандасымыздың кездесуге санаулы күн қалғанда оған қарсы эквадорлық Джейсон Минда шығатыны анықталды.

Орта салмақтағы жекпе-жек он раундқа жоспарланғанымен, Ислам жетінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Осылайша, Қанат Ислам өзінің кәсіби мансабындағы 28-ші жекпе-жегінде жеңіске жетті ал Джейсон Минда рингтен төртінші рет жеңіліске ұшырады.