Қанат Ислам рингке оралуына қатысты мәлімдеме жасады

0
557

Мұның алдында боксшы жыл соңына дейін бір жекпе-жек өткізуді жоспарлап жүргені белгілі болды.


Қанат Ислам рингке оралуына қатысты мәлімдеме жасады

ERNUR.KZ. Орта салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам (28-0, 22 КО) рингке оралуына қатысты мәлімдеме жасады, деп жазады Vesti.kz.

"Құрметті менің жанкүйерлерім, біз жекпе-жек жаттығуларына қызу дайындықтамыз. ИншАллах, жақында жақсы жаңалықтармен бөлісеміз. Сіздерге Түрік елінен жалынды сәлем!", - деп жазыпты Қанат әлеуметтік желіде.

Мұның алдында боксшы жыл соңына дейін бір жекпе-жек өткізуді жоспарлап жүргені белгілі болды. Бұл айқастың өтетін орны мен уақыты талқыланып жатыр.