Қанат Исламның жекпе-жек алдында қарсыласы ауысты

0
2 529

Ол ганалық спортшы Ободаи Саимен жекпе-жек өткізуі керек еді.


Қанат Исламның жекпе-жек алдында қарсыласы ауысты

ERNUR.KZ. Қазақстандық боксшы Қанат Исламның (27-0, 21 КО) Майамидегі (АҚШ) жекпе-жегі қарсаңында қарсыласы ауысты, деп жазады Azattyq Rýhy.

Boxrec.com сайтының мәліметі бойынша, Ислам эквадорлық Джейсон Миндамен (14-3-1, 8 КО) кездеседі. Орта салмақтағы айқас 10 раундқа жоспарланған.

Еске сала кетейік, бастапқыда 36 жастағы қазақстандық боксшы ганалық спортшы Ободаи Саимен (35-3-1, 26 КО) жекпе-жек өткізуі керек еді.