"Канело" Головкинмен екі жекпе-жек туралы ойын ашық айтты

0
420


ERNUR.KZ. Мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) трилогия алдында алдыңғы екі жекпе-жек туралы не ойлайтынын айтты, деп жазады vesti.kz.

"Теңдей түскен жекпе-жектерде үнемі осылай болады. Біреу жеңді, біреу жеңілді дейді. Сол үшін теңдей айқас. Мұндай кездесулер бокс үшін пайдалы деп есептеймін", - дейді Альварес.

Алайда мексикалық өзін екінші айқаста жеңімпаз деп мойындамайтындарға наразы екен: "Жанкүйерлердің көпшілігі мені мойындай алмай келеді. Бірақ бәріне бірдей ұнай бермейсің. Сондықтан бұл мені алаңдатпайды. Бокста биік жетістікке жеткенімді білемін".