"Канело" лагеріндегі қазақстандық Лас-Вегастағы жекпе-жекте жеңіске жетті

0
552

Бұл кәсіпқойдағы 11- жеңісі.


ERNUR.KZ. Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Бобиржан Моминов (11-0, 8 КО) кәсіпқой рингтегі он бірінші жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп жазады Vesti.kz.

Спорт порталының мәліметінше, 28 жастағы боксшы рингке Лас-Вегастағы MGM Grand кешеніндегі The Bubble аренасында өтетін шоу аясында кездесу өтзкіді. Оның қарсыласы америкалық 26 жастағы Кэмерон Краел (17-15-3, 4 КО) болды.

Сегіз раундқа есептелген жекпе-жек толық өтіп, қазақстандық боксшы төрешілер шешімімен жеңді.