Кантені «Челси» 80 млн еуроға сатпақ ниетте

0
1 164

ERNUR.KZ. Францияның «Пари Сен Жермен» клубы Англияның «Челси» ұжымының жартылай қорғаушысы Н’Голо Кантені құрамына қосып алу ниетінде.


Кантені «Челси» 80 млн еуроға сатпақ ниетте

ERNUR.KZ. Францияның «Пари Сен Жермен» клубы Англияның «Челси» ұжымының жартылай қорғаушысы Н’Голо Кантені құрамына қосып алу ниетінде.

Париж командасының спорт директоры Антеру Энрике 27 жастағы франциялық аяқдопшының агентімен трансфер барысында келіссөз жүргізген. Бірақ, Кантенің өзі отанына оралып, Лига 1-де ойнау жоспарында жоқ екенін жеткізді. Ол Англияның «Лестер Сити» командасына келуден бұрын «Кан» ұжымында карьерасын жалғастырған болатын.

Ал Кантенің қазіргі командасы «Челси» футболшыны 80 миллион еуроға сатуға дайын. Осы орайда атақты футбол агенті Пини Захави Н’Голо Кантенің орнын басатын Танги Ндомбеле («Лион»), Амаду Диавара («Наполи») және Жан-Микаэль Сери («Ницца») футболшылардың қызметін ұсынып отыр.

Н‘Голо Канте футбол отанында «Лестер Сити» және «Челси» мен Англия чемпиондығына ие болып, премьер-лиганың ең мықты жартылай қорғаушыларының біріне айналды.