Қатарда 2022 жылғы әлем чемпионаты кезінде Месси тұрған бөлме мұражайға айналады

0
904

B201 нөмірлі бөлме жергілікті тұрғындар да, туристер де көре алатындай сол қалпында сақталады.


Қатарда 2022 жылғы әлем чемпионаты кезінде Месси тұрған бөлме мұражайға айналады

ERNUR.KZ. Жақын арада әлем чемпионатының жұлдызы, Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси тұрған Қатар университетінің кампусындағы бөлме футболшының мұражайына айналады, деп жазады zakon.kz.

INC news басылымының жазуынша, B201 нөмірлі бөлме жергілікті тұрғындар да, туристер де көре алатындай сол қалпында сақталады.

Мессидің бөлмесінде екі бір кісілік кереует, жазу үстелі, креслолар, теледидар және жастық қойылған диван бар.

Есікте "L. Messi" деген жазу жазылған Аргентина туының түсіне ұқсас жолақ бар.

2022 жылғы әлем чемпионатында Месси үздік ойыншы деп танылса, Аргентина құрамасы финалдық ойында (3:3 және 4:2 пенальти бойынша) Франция құрамасын ұтып, чемпион атанды.