Катардағы әлем чемпионатына қатысатын тағы бірнеше құрама белгілі болды

0
395

Енді тағы үш құрама анықталу керек.


Катардағы әлем чемпионатына қатысатын тағы бірнеше құрама белгілі болды

ERNUR.KZ. 2022 жылы қыста Катар жерінде өтетін әлем чемпионатына қатысатын 29 құрама өтті, деп жазады Vesti.kz.

Енді тағы үш құрама анықталу керек.

Әлем біріншілігіне жолдама алған 28-ші құрама - Мексика болады. Олар кеше өз алаңында Сальвадор құрамасын 2:0 есебімен жеңді. Бұл ойында голдарды Уэриэль Антуна (17-минут) және Рауль Хименес (43-минут, пенальти) соқты.

Осылайша, Мексика құрамасы Солтүстік және Орталық Америкадағы іріктеуде өз тобында екінші орын алды. Бірінші орында Канада құрамасы.

Катарда ойнайтын 29-шы құрама АҚШ болды. Америкалықтар кеше Коста-Рикаға ұтылды. Есеп 0:2. Алаң қожайындары сапында Хуан Варгас (51-минут) және Энтони Энрикез (59-минут) гол соқты. Іріктеудің қорытындысы бойынша Коста-Рика мен АҚШ 25 ұпайдан жинады. Бірақ америкалықтар гол көрсеткіші бойынша жоғары тұр. Сөйтіп, жолдаманы еншіледі.

Дегенмен Коста-Рикада әлі әлем чемпионатына шығатын мүмкіндік бар. Бұл құрама құрлықтық тоғыспа кездесуінде Жаңа Зеландиямен кездеседі. Жаңа Зеландия болса мұқит аймағы елдері арасындағы іріктеуде топ жарды.

7 маусым күні өтетін Аустралия мен БАӘ арасындағы кездесудің жеңімпазы құрлықтық тоғыспа кездесуде Перу құрамасына қарсы ойнайды. Бұл ойындар 13-14 маусым күні өтіп, әлем біріншілігіне қатысатын 30 және 31-ші кұраманы анықтайды.

Ал соңғы құрама Еуропаның іріктеуінде белгілі болады. Онда Уэльс, Украина және Шотландия бар. Уэльс іріктеуде Чехиияны жеңді. Енді олар Украина мен Шотландия арасындағы жеңімпазды күтуде. Алайда бұл кездесудің қашан өтетіні белгісіз.